Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында 4 адам құтқарылып, 65 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Тілсіз жау 16 сағат 59 минутта ауыздықталып, 17 сағат 02 минутта сөндірілді.
Оқиға салдарынан денесін әр түрлі деңгейде күйік шалған 1970 жылы туған А. Саченко есімді азамат аурухана түсті. Өрттің аумағы 25 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 13 адам мен 4 техника жұмылдырылды.