Ел чемпионатына Германия мемлекетінен келген арнайы қонақ шақырылды. Гастон Параш мырза, IPF әлемдік федерациясының орынбасары.
- Біріншіден, барлық пауэрлифтинг нұсқаушыларына алғысымды білдіргім келеді. Себебі, спортшының жеңісі оның нұсқаушысына байланысты. Нұсқаушылар, дұрыс бағыт-бағдар беріп, антидопинг ережелері жайлы ескертіп, тәртіпке үйретуі қажет, - дейді IPF әлемдік федерациясының орынбасары Гастон Парш.
Кеше ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар және ардагерлер арасында жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты және классикалық пауэрлифтингтен жекелей сында Қазақстан чемпионаты мына категориялар бойынша өтті: 105,120,120 . Жалпы айтқанда, бүгінгі пауэрлифтинг чемпионатына 600-ден астам спортшы қатысты.