Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда педагогтар мен полиция қызметкерлері коронавирустан вакцина қабылдай бастады. Бұл туралы қалалық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иа, вакцинация басталды. Қаланың мұғалімдерін вакциналау кешеден бері жүріп жатыр. Бір тәулікте 300 адамға салынуы тиіс. Полиция департаментінің қызметкерлерін де вакциналау басталды», - деді брифинг барысында Әсел Қалықова.

Кеше 20 мұғалім, 50 полиция қызметкеріне екпе егілді.

Айта кету керек, вакцина салдыру 1 ақпаннан бастап ерікті түрде жүргізіліп жатыр.