«2021 жылы қыркүйек – қараша айларында сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы уәкілетті орган бекіткен шекті бағадан 300%-дан астам өсіп, тоннасына 183 мың теңгені құраған. Бұл өсім биржалық сауда-саттық кезінде «Петросун» ЖШС тарапынан тауар бағасының объективті дәлелді себептерсіз үздіксіз көтеру себебінен болды», - деді спикер.
Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша мемлекетке 2,2 млрд теңгеден астам шығын өтелді. Сонымен бірге, монополияға қарсы органның қорытындысы бойынша нарықтың жекелеген субъектілеріне мұнай өнімдерін (АИ-92, ДТ) өткізуден негізсіз бас тартуда көрсетілген өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша «Петросун» ЖШС 600 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартылды.
«Сотта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның іс-әрекеттері заңды әрі негізді деп танылып, бүгінгі таңда айыппұл сомасы толығымен бюджетке қайтарылды», - деді Нұржан Ұранхаев.