Ондағы мақсат - жыл сайын жаңа жылдық мерекеде қолдан жасалған пиротехникалық заттардан болатын зардаптың алдын-алу болып табылады.
1 желтоқсанда басталған рейдтен бері бірқатар сауда орындары, оның ішінде Орталық қара базар да тексерілген. Жетісу ауданындағы бұл базардан мыңдаған пиротехника өнімдері тәркіленді. Оның көпшілігінің лицензиясы жоқ және петард және "отшашу" сатуға рұқсат қағаздары да болмай шыққан.
Қазір рейд жұмыстары әсіресе, жайма базарлар мен қара базарларда күшейтілуде. Жақында ғана Алматыда осы өнімдерге байланысты төтенше жағдай орын алды. Қауіпсіздік шарасы ережелері сақталмағандықтан, пиротехника өнімдері сатылатын қоймада өрт болды, оның салдарынан 19 жастағы бала көз жұмды.