Бұл өнер туындысы минералды су мен шырынды соктар шығаратын «Әсем-ай» компаниясының Алматы тұрғындарына Жаңа жыл қарсаңында арнаған сыйлығы болып табылады.
«Бұл шырша өткен жылы алғаш рет жасалған шыршадан екі есе үлкен. «Әсем-ай» шыршасы биыл да қала көркін кіргізіп, алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайтындығына қуаныштымыз. Мұндай ерекше көрікті шыршаны әр адам жасай алады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды тірі ағашты шапқанша, осындай ертегі шыршаны жасауға шақырамыз»,-дейді «Әсем-ай» компаниясының директоры Мәулен Оразқұлов.
Оның айтуынша, биылғы шыршаға бірнеше мың бөтелке кеткен.