Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні таңғы сағат 10:24 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Ахмедсафин көшесінде орналасқан № 8-үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.
«Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер, үйдің шатыры мен төбе жабындысының жанып жатқанын анықтады. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 23 минут ішінде оқшауланып, 11:15-те толығымен жойылды. Өртпен күрес мамандары көрші тұрғын үйді өрттен қорғап қалды. Өртті жоюға ТЖД құрамынан - 30 қызметкер, 6 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды»,- хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Құтқару барысында, полиция аға лейтенанты Бағдат Ашеков жарақаттанды. Дәрігерлер тексеріп, медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол қызметіне қайта оралды.
«Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы аға лейтенант Бағдат Бақытжанұлы Ашеков пен № 10 ЖМКҚ фельдшері Тахир Руземов Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен марапаттауға ұсынылатын болады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінен.