Алматыда полицейді көлігінің есігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицейді көлігінің есігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 11 тамыз күні 16:00-де АлматыныңМедеу ауданында болған. «Luxgen-7» маркалы автомобильдің жүргізушісі жолережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Полицейдің құжатын талап еткеніне пысқырмай,ол оқиға орнына ізін суытпақ болған.

«Жүргізуші патруль қызметкерінің көліктіңесігіне ілініп қалғанына да пысқырмаған. Қайта газын басып, оны ары итеребастаған. Оқиға салдарынан полиция сержанты Руслан Мұқашевтың оң иығы сынып,еңбек сүйегінің оң жағы гематома болған. Абырой болғанда, қазір өміріне қауіптөніп тұрған жоқ. Ол ауруханаға жатқызылды. Іздестіру бөлімі күдіктініңтұлғасын бірден анықтады. Ол 1981 жылы туған азамат И. Кеше кешкісін ол ұсталды»,- деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметібасқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Ер адамға бірнеше бап бойынша айып тағылыпотыр: ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi, троллейбусты,трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісінемесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығынаауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы); ҚР Қылмыстық кодексінің380-бабының 2-бөлігі (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану); ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 1-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқаруқұқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы).



Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар