деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыздың 10-ы мен 15-і аралығында өткен республикалық бұл шара кезінде олар заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам порнографиялық өнімді тәркіледі. Қалалық ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция басқармасының бөлім бастығы Александр Нежинскийдің айтуынша, олар айналымнан 8 мыңнан астам заңсыз жолмен әзірленген DVD дискілерді алған. Заң бұзушылардың басым бөлігі базарларда ұсталып отыр. Олардың көпшілігі республиканың әр қиырынан келген азаматтар. Қазір тәркіленген өнімдер бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
18:24, 17 Тамыз 2009
Алматыда полицейлер «Контрафакт» жедел-сауықтыру шаралары кезінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам порнографиялық өнімді тәркіледі
АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласының полицейлері бүгін «Контрафакт» жедел-сауықтыру шараларының қорытындысын шығарды,