Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, азамат К. аталған портал қызметкерлерінің жалған ақпарат таратқанына қатысты шағым түсірген болатын.
«Аталған дерек ҚР ҚК 274-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деді ІІД баспасөз қызметінен.