Алматыда полиция ғимаратты қоршауға алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция Шаляпин мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы ғимаратты қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшылары 10-шағын аудандағы қоршауға алған ғимаратта букмекерлік кеңсе мен пиццерия орналасқан. 

Алдын ала ақпарат бойынша ғимаратқа біреулер «жарылғыш зат» қойған.