Алматыда полиция қызметкері сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен сыбайласып, оларға қызмет етіп келген тәртіп сақшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Алматық қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 262-бабы 3-бөлігімен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысу) 28-бабы 5-бөлігімен (көмектесушi) 309-бабы 3-бөлігімен (қылмыстық топ тарапынан жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) 361-бабы 4-бөлігімен (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланудан ауыр зардаптарға әкеп соғу) айыпталған Н.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды», делінген баспасөз хабарламасында.

Сот 2015 жылдың маусым айында Н. жеңгетайлық пен интимді қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздарды тартумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) құрамына кірген. Ол ұйымдасқан топ өкілдерін ұстау бойынша шаралар қолданбағанымен қоймай, қызмет бабын пайдаланып, оларға ұдайы көмек көрсетіп отырған. Нақтырақ айтқанда ол ішкі істер органдары өткізетін жедел іс-шаралар туралы ақпараттарды жеткізіп, ол үшін ққылмыстық топ өкілдерін ай сайын 150 000 теңге көлемінде «сыйлық» алып отырған.

Сот үкімімен Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 262-бабы 3-бөлігімен,28-бабы 5-бөлігімен, 309-бабы 3-бөлігімен, 361-бабы 4-бөлігімен және 58-бабы 3-бөлігінің негізінде мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және құқық қорғау қызметінің лауазымды қызметтерін атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады.

Сондай-ақ полиция подполковнигі арнайы шенінен айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы шешім қабылдады.

Аталған қылмыстың қатысушыларына әртүрлі жаза тағайындалып сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.