«Өз әріптесіне оқ атқан жергілікті полиция қызметінің инспекторы оның жақын туысы саналады. Олардың арасында тұрмыстық-отбасылық жағдайда келіспеушілік болған. Оқыс оқиға қалалық жергілікті полиция қызметі аумағында болған. Олар кезекшілікке түскен. Соған сәйкес қару алған. Туыстардың бірі қылмысқа баруға шешім қабылдап, туысына табельдік қарудан оқ атқан», - деді Алмас Садубаев.
20:25, 26 Қыркүйек 2018
Алматыда полиция оқпен жаралаған əріптесі өзінің туысы боп шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев Алматыда қызметтесіне оқ атқан инспектордың оның туысы болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.