4 маусым күні болған жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық істің материалдары Алмалы аудандық ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімінен Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасына берілді.
Оның ақпараты бойынша, компьютерлік технологиялар мен визуалды бақылау құралдарының көмегімен жүргізілген тексеру барысында бұл көлікті - 1974 жылы туған П.есімді азаматтың жүргізгені анықталды.
«Осы іс бойынша заңда бекітілген шаралар кешенін жүргізгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады», - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Рустам Абдрахманов.
Еске салайық, 4 маусым күні сағат 06:00-де Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апаты кезінде екі жаяу жүргінші зардап шекті.
22:40, 06 Маусым 2017
Алматыда полиция жаяу жүргіншіні қағып кеткен «Бентли» жүргізушісін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кеткен «Бентли» автокөлігі жүргізушісінің қатысуымен болған жол-көлік апатын мұқият тексеруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.