Алматыда полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру орталықтары біріктіріледі

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғамдық кеңестің отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бірыңғай 112 диспетчерлік қызметтің жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаны іскеқосу 2019 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Жыл соңынадейін жаңа жобаны қосуды жоспарлап отырмыз. 101, 102, 103қоңыраулары бірыңғай 112 қызмет түріне біріктірілетін болады. Бұл халықаралық тәжірибе. Сондай-ақ,шақыру және қызмет көрсету уақыты екі есеге қысқарады»,- дейді Ерлан Әукенов.

102қызметіне қоңырау көп түсетін болғандықтан,жұмысқа қосымша операторлар алынған.

«Талдаужасадық. Қоңырауларға қатысты шағымдар мен ескертулер көп болды. Қызметкөрсету сапасымен, телефонмен сөйлесу жайында мәселелер туындады. Біз 10 орынды14-ке көбейттік. Сондай-ақ,операторлардың еңбекақысын 35 мыңнан 90мың теңгеге дейін көтердік. Қосымша тағы 4 оператор жұмысқа алынды»,-дедіол.

Оныңайтуынша жарты жылда 102 қызметіне 377 мың адам қоңырау шалған. Олардың бәрі тексеріліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін телефонды көтермеунемесе тастай салу туралы шағымдар түскен жоқ.

Бұдан басқа,Алматы қаласы әкімінің орынбасары, биылғы жылдың күзінде Алматы қаласыныңбарлық аудандық полиция бөлімдерінде 12 заманауи фронт-кеңселер ашылатынынайтты. Алғашқы фронт-кеңсе қантар айындаТүрксіб ауданында ашылған.

Фронт-кеңселерполиция бөлімшесіне келген адамдарға ыңғайлы. Олар өздеріне тиесілі қызметті заманауи жабдықталған, үлкен кеңседе алыпжатыр.

«Біз «бір терезе» қағидаты бойынша қолайлыжағдай жасай алатын үлкен, әдемі фронталды кеңсе аштық. Өте қолайлы, күту уақыты 1 сағат 20 минутқа дейін кеміді, мекемеде сыбайлас жемқорлық азайып,жарты жылда 15 мың адам жаңа кеңседен қызметтерін алды»,- дейді қала әкімініңорынбасары.

Соңғы жаңалықтар