Алматыда «POWER-KAZINDUSTRY-2009» көрмесі өтеді

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 20-22-сі аралығында Алматыдағы «Атакент» іскерлік сауда орталығында X халықаралық «POWER-KAZINDUSTRY-2009» энергетикалық өндірістік көрмесі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көрме ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, KEGOC компаниясы, Алматы әкімдігі мен энергетика саласындағы компаниялардың қолдауымен өтеді.Көрме барысында энергия өндіруші технологиялардың жаңа түрлері көрсетіліп, таныстырылмақ. Сондай-ақ саланың өзекті мәселелеріне арналған конференциялар мен семинарлар өткізіледі.