«Пранк ұйымдастыру бойынша заңда арнайы бап жоқ. Сондықтан қазір пранк жасағандарды жазалау мәселесі шешілуде. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қандай жаза қолданылатыны сәл кейінірек белгілі болады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталған болатын.
Пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.
Ал «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Еске салайық, қыз алып қашқандардың видеосы кеше әлеуметтік желіде тарған болатын.
Кейін тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты полицияға ешқандай арыз түспегенін айтты.