Алматыда православие христиандары Рождество мерекесін атап өтуде

АЛМАТЫ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Рождество мерекесін алматылық діндарлар Вознесенск кафедралды соборында атап өтуде.

Рождество мерекесіне Вифлеем қаласынан арнайы рождестволық от алып келінді.

Түнде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Вознесенск шіркеуінде арнайы мінәжат жасап, Христостың туған күніне арналған ғибадат оқыды. Бүгін кешкі сағат 17-де митрополит Александр православтардың үлкен мейрамы - Иисус Христостың (Иса пайғамбар) туған күнімен діндарларды құттықтап, бұл күні жасалатын «чин» дәстүрін өткізеді. Сонымен қатар, барлық соборларда, храмдар мен шіркеулерде Рождество күніне арналған ғибадаттар оқылады.