Алматыда пробация есебіндегі адамдар квотамен жұмысқа орналасты
Спикердің сөзінше, Алматы қаласының әкімдігі жылсайын халықтың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота бөледі, соның ішінде бұрын сотталғандар да бар.
«Пробация есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға квота бөлінген. Оған 11 ұйым енгізілді. Пробация есебінде тұрған 41 адамды және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 10 адамды жұмыспен қамту жоспарда»,- дейді Әділет Жаңабаев.
Айтуынша, бүгінгі күні пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың арасынан 36 адам жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Қазір 11 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 2 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам өзін-өзі жұмыспен қамтуға, 4 қоғамдық жұмыс орындарына уақытша жұмысқа кірді.
«Жұмыс іздеуші ретінде тіркелуден 6 адам бас тартты. 17 адам ұсынылған жұмыс нұсқаларын уақтылы хабардар етпеу, келісім бермеу немесе қабылдамау салдарынан есептен шығарылды. Аталған санаттағы тұрғындармен жұмыс аудандық пробация қызметімен тығыз байланыста жүргізіледі. Жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметінің өзара әрекеттесу алгоритмі келісілген пробация қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізу тәжірибеде бар», - дейді спикер.
Әділет Жаңабаев барлық сұрақтар бойынша тұрғындар 310-47-82 телефоны бойынша call-байланыс орталығына хабарласа алатынын еске салды.