деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқулықтар жоғары сынып оқушылары мен студент жастарға, өнерсүйер қауымға арналған. 3-томдық оқулық-монографияларда барлығы 232 өнер қайраткерлері, композиторлар мен дирижерлар, дарынды әншілер мен сахна шеберлері, музыка зерттеушілерінің өмірі мен шығармашылығына талдау жасалған. Сонымен қатар, музыкалық эстетикалық тәрбиенің өткен шағы мен болашағы, жай-күйі, өркендеу жолдары жазылған.
«Бұларды 50 жылдық шығармашылық еңбектерімнің нәтижесі деп айтсам болады. Атқарылған еңбек «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласының орындалуына бағытталған», дейді профессор.
Тұсаукесер рәсімде аталмыш оқу орнының проректоры Құдайберген Болатбаев, «елімізге белгілі көптеген музыка мен өнертану мамандарын тәрбиелеп шығарған педагог-ғалым ағамыздың үш томдық еңбегі жасөспірімдерге білім беруде, рухани жан-дүниесін байытуда маңызы өте зор», деп атап өтті.
Пернебек Момынұлы - «Қазақ операсының даму жолдары», «Музыканы тыңдай және түсіне білу», «Оқушылар мен жастарға эстетикалық тәрбие беру», «Музыка әлеміне саяхат» және тағы да басқа еңбектердің авторы.