деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Бас прокуратура институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Сарқытбек Молдабаевтың айтуынша, ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданған. Осыған орай прокурорларға жүктелетін міндеттер де арта түскен.
«Осыған орай өткен жылы ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде, мемлекеттік айыптаушылар жұмысын нығайтуға бағытталған кейбір іс-шараларды іске асыру туралы шешім қабылданған. Олар білікті мамандарды шетелдік сарапшыларды шақыра отырып, мемлекеттік айыптаушылардың шағын сот ісі семинарлары мен шешендік сөз өнері сапасын жақсарту, кәсіби деңгейін арттырудың айлық курстарын жүргізу болып табылады. Қазіргі күні осы шараларды іске асыра отырып прокурорлардың кәсіби деңгейін арттыруда алға қарай тағы бір қадам жасап отырмыз», дейді С.Молдабаев.
Жиын аясында сот процесіне қатысқан прокурорлық тәжірибедегі көкейкесті сұрақтар, алқа билер сотына дайындық, алқа билер қатысуымен сот тергеуіне прокурордың қатысуы, қылмыстық істерді сараптау, сот процесінде өз позициясын әзірлеу және қасақана кісі өлтіру қылмыстарын дәрежелеу сияқты мәселелер қаралып, баяндамалар оқылды.
Сәуірдің 16-сына дейін жалғасатын семинар жұмысына ҚР мен Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімше басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен халықаралық мекемелердің өкілдері, алқа билер ісіне мониторинг жасайтын ЕҚЫҰ өкілдері қатысуда.