«Осыдан 10 күн бұрын жеке зертханаларда реагенттер бітіп қалуына байланысты қиындық туындады. Оның себебі түсінікті, тест тапсырғысы келетін адамдардың саны артты. Сонымен қатар, Ұлттық сараптама орталығы филиалының зертханасында 30-ға жуық қызметкерден коронавирус анықталды. Сол себепті жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Қазір барлық зертханалар толығымен жұмыс істеп тұр», - деді әкім.
Сонымен қатар, ол тағы екі зертхана ашылатынын айтты.
«Ертеңнен бастап Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жанынан жеке зертхана ашылады. Сондай-ақ, жақын арада жекеменшік клиникалардың бірінде тағы бір зертхана ашылатын болады. Біз халықтың тестілеу деңгейін өзіміз қойған міндеттерге жеткіземіз «, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Қала басшысының айтуынша, бүгінгі таңда 300 мыңға жуық тест жүргізілді. Оның 245 мыңы ПТР тесті.