деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Автордың айтуынша, шығарма Қазақ мұнайының 110 жылдығы қарсаңында мұнайдың өткені мен келешегіне шолу жасау, жас ұрпаққа жеткізу мақсатында жазылған. Кітаптың таныстырылымына ҚазҰУ ректоры Б. Жұмағұлов, ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының басқарма төрағасы К.Бәйкенов, мұнай саласының ардагері, академик Н.Нәдіров сынды белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, студенттер қатысып, кітап тұрғысында өз ойларын білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, Ұлттық инженерлік академияның президенті Бақытжан Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, бұл - Қазақстан тарихында мұнай саласындағы ірі туынды. «Кітапта мұнай сөзінің шығуынан бастап, алғашқы мұнай компаниялары, қазіргі кезеңі, болашағы терең зерттелген. Равиль Тәжіқараұлының бұл еңбегі сөзсіз үлкен шығарма деп бағалауға болады», деді ол.
Равиль Шердебаев экономика ғылымының докторы, профессор, халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, халықаралық инженерлік және экономикалық еуразия академияларының академигі. Мұнайшылар отбасынан шыққан ол Қазақстанның Украина мен Молдовадағы елшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің тұңғыш министрі, ҚР Парламентінің депутаты, «Теңізшевройл» біріккен компаниясының тұңғыш президенті қызметтерін атқарған.