Бұл туралы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұсталған азаматтың қол жүгіне тексеру жүргізген кезде кеден органынан жасырын алып өтпек болған 76 500 еуро табылған. Шетел азаматы кеден шекарасынан өту кезінде тәркіленген ақшасын декларацияда көрсетпеген», - делінген хабарламада.
Бүгінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекке қатысты тексеру амалдарын жүргізуде. Тексерудің нәтижесінен кейін процессуалды шешім қабылданатын болады.