Алматыда Ресей мен Қазақстан арасында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі іскерлік байланыс мәселелері талқыланды

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық қызмет делегацияларының сегізінші кеңесі болып өтті. Оның жұмысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Кеңес барысында қала басшысы ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті сақтаудағы екі жақты іскерлік байланыстың маңызы зор екендігін айтты. Бұнымен қатар, әкім Кедендік одақтың құрылуына байланысты экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шаралардың қажет екендігін атап өтті.