Алматыда Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлері кездеседі

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 19-ы күні Алматыда Ресейдің Омбы өлкесі мен қазақстандық ірі кәсіпорындар басшыларының кездесуі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараға ауылшаруашылығы техникалары мен бөлшектері, электротехникалық және медициналық жабдықтар, жүк көтеру құралдары, автоматика, телемеханика саласындағы компаниялар қатысады. Шара екі ел компанияларының әріптестігін нығайту мақсатында өткізіліп отыр.Шараға Омбы өлкесінен «НПО Мостовик» ЖШБ, Кран зауыты, «НПО «Мир» ЖШБ, «Автоматика»зауыты" ААҚ, «Центр Сибтранскомплектация» ЖШБ, «Енисей» ЖШБ корпорациясы басшылары қатысады.