деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған бұл шараны ұйымдастырған - Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес 2 жылда бір рет өтетін дәстүрлі көрме биыл ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында өтуде. Оның жұмысы 3 күнге созылады.
Көрмеге еліміздің 14 облысы мен республикалық маңыз бар Астана, Алматы қалаларынан балалардың 700-ден астам шығармашылық жұмыстары қойылып отыр. Олар - тоқыма маталалардан жасалған жұмыстар: сәнді тоқыма, өрме бұйымдары, гобелен, кілем тоқу, былғарыдан жасалған көркем бұйымдар, ағаш пен металдан өңделген көркем бұйымдар, түрлі-түсті кесінділерден құрастырылған өрнектер, полимерлік табиғи материалдар, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері тәрізді 7 аталым бойынша бағаланады. Оған танымал қолөнер шеберлерінен құралған қазылар алқасы өз бағасын береді. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін Білім және ғылым министрінің арнайы сыйлықтары табыс етіледі. Сондай-ақ оларды дайындаған ұстаздардың барлығына сертификаттар беріледі", дейді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Әбдіғапар Жақсыбеков.