Алматыда Республикалық «Зерде» конкурсының ақтық сайысы өтеді

АЛМАТЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың «Зерде» конкурсының ақтық сыны 5-6 қаңтар күндері Алматыда өтеді.

Конкурстың басты мақсаты - 1-7-сынып оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық қызығушылықтарын арттыруды көздейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурстың соңғы кезеңіне 300-ге жуық оқушы қатысады. Олар математика-информатика, биология, химия, экология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, этномәдениеттану, медицина, валеология, география-аймақтану пәндерінен 8 секция бойынша сынға түседі. Конкурс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар ресейлік зерттеулер мен шығармашылық жобалардың «Мен зерттеушімін» конкурсына қатысуға жіберілмек.