Онда алматылықтар мен қала қонақтары Қазақстан мен басқа да елдердің коллекционерлері қолындағы классикалық автомобильдердің сирек түрлерін көре алады. Сондай-ақ көрермендер Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестр мен Қазақстанның ұлттық черлидринг федерациясының өнерін тамашалай алады.
Түсте ралли басталды, оған Ресейден келген 10 экипаж да қатысуда. Барлық көліктер VILLA Boutiques & Restaurants көпдеңгейлі кешен аумағында мәре сызығын кесіп өтетін болады.
14:54, 10 Қыркүйек 2016
Алматыда Retro Car көрмесі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Retro Car көрмесі ашылды.Алматы қаласының мың жылдық мерейтойына арналған VILLA RETRO CAR III халықаралық көрмесі мен классикалық автомобильдер раллиі Астана алаңында өтуде.