Алматыда римейк фильмдер фестивалі өтеді
15:54, 04 Желтоқсан 2009
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Үстіміздегі жылғы желтоқсан айының соңында Алматы қаласында «Sweded Films Fun Festival - 2» пародиялық кинолар байқауы ұйымдастырылмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екінші рет өткелі тұрған фестивальде танымал әлемдік кинокартиналардың сюжеті бойынша түсірілген римейк фильмдер ұсынылады. Әуесқой кино өнеріне арналған халықаралық «Sweded movies» қозғалысының бастамасымен болатын байқауда белгілі туындыларға қысқа метражды пародия ретінде түсірілген авторлық фильмдер көрсетіледі. Олардың жұмыстарын бағалауға кино саласының кәсіби мамандары шақырылып отыр.
Осыған дейін өткен фестивальде «Титаник», «Дракула», «Парфюмер» секілді халыққа кеңінен танымал фильмдерге жасалған пародиялар ұсынылған болатын.
Ал екінші фестивальдің ашылу салтанаты 27 желтоқсанға жоспарланып отыр. Қазірде байқауға қатысуға өтініштер қабылдануда.