АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Шоқан Уәлихановтың ескерткіші алдында рұқсат етілген митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған акцияны ұйымдастырудың басты себебі ресейлік «Сбербанкпен» цифрлық платформа құру туралы келісім болып отыр.
Алматы қаласының әкімдігі келісілген митингтің өтуі үшін барлық жағдайларды жасады. Атап айтқанда, медициналық маскалар таратылып, акция өткен аймақта жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болды.
Митинг кезінде ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Акция қала халқының қызығушылығын тудырмады және шараға өте аз адам қатысты.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.