Алматыда С.Асфендияровтың 120 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

АЛМАТЫ. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері С.Асфендияровтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тұңғыш ректоры» тақырыбында конференция өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындардың профессор-оқытушылары қатысып, «С.Асфендировтың өмірі мен қызметі», «Тарихпен тәрбиелеу: С.Асфендияров танымы», «С.Асфендияровтың Қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі» тақырыптарында баяндамалар оқыды. Сондай-ақ жиынға  қайраткердің шөбере қызы Әлия Сұлтанқызы да келді. Ол жақында ғана Ташкент қаласынан Қазақстанға келіп, еліміздің азаматы атанғанын және атасының елге жасаған еңбегінің арқасында құрметтеліп жатқандығын мақтан тұтатынын жеткізді.

Шара А.Байтұрсынов атындағы Алаш зиялыларының ғылыми-педагогикалық мұрасын зерттеу орталығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өтті.