Алматыда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тартысты бәсеке 2021 жылдың 24-31 наурыз күндеріне жоспарланған. Ел біріншілігінде ересектермен қатар, жастар да бақтарын сынайды.

«Меркурий Медет» спорт базасында өтетін дүбірлі додаға 200-ге жуық спортшы қатысуға тіркелген.