«Қазір, іздеу шарасына төтеншеліктер де келіп қосылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен волонтерлар да бізге көмектесіп жатыр», - деді ол.
Бұған дейін ол іздеу шарасы әл-Фараби даңғылының жоғары жағында, Есентай өзені аумағында жүргізілгендігін айтқан болатын.
Соңғы мәліметтер бойынша іздестіру жұмыстарына жалпы 110 полиция қызметкері мен 60 волонтер жұмылдырылған. Енді міне, оларға төтеншеліктер де келіп қосылды.