«Аза тұта отырып хабарлаймыз, Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең - 29 шілде күні таңертеңгі сағат 09:30-дан 11:00 аралығында «Қазақконцерт» залында болады. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 83, Әйтеке би көшесінің қиылысы», - деп жазды В. Момынбаева.
Айта кетелік, бүгін белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеевтің өлі денесі сағат 11.00 шамасында Алматыдағы Есентай өзенінде, Тимирязев пен Бұхар жырау көшелерінің аралығынан табылды.
Ол Алматыда 16 шілде күні із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Содан бері қалада жан-жақты іздеу шаралары жүргізілді. Оған 170-тен астам адам қатысты.
Олардың арасында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, еріктілер және қарапайым қала тұрғындары қатысты.