«Жедел және арнайы қызметтердің автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері сәйкес түсті графикалық схемалары, тану белгілері, жазбалары, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар көлікті қоспағанда м егаполисте түнгі сағат 22.00-ден таңғы 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын», - делінген бұйрық жобасында.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұл жоба түнгі уақытта шу жүктемесін азайту мақсатында қарауға ұсынылып отырғанын жеткізді.
Құжат 12 қазанға дейін қоғамдық талқы үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланды.