Алматыда Сақтаған Бәйішевтің туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда  қазанның 13-і күні Ғалымдар үйінде ғалым, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сақтаған Бәйішевтің туғанына 100 жыл толуына орай  Қазақстанның өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша дөңгелек үстел  өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жиынға белгілі ғалым-экономистер, жоғары оқу орындардың қызметкерлері қатысады деп жоспарлануда.

Дөңгелек үстелдің мақсаты әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңі дамуының проблемаларын жан-жақты талқылау және Сақтаған Бәйішев туралы әріптестері, шәкірттерінің естеліктерімен таныстыру болып табылады.