Оны «Сақтандыру нарығы» журналы ұйымдастырып отыр. Талқылауға сақтандыру компаниялары мен зерттеу агенттіктерінің топ менеджерлері, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен Ұлттық банктің өкілдері шақырылып отыр. Дөңгелек үстелде төмендегі тақырыптар бойынша әңгіме өрбімек: «Қазақстандағы сақтандыру нарығы: 2011 жылдың қаржылық қорытындысы. 2011 жылғы трендтерге талдау», «Қазақстандағы сақтандыру компанияларының сайттарына рэнкинг», «Сақтандыру компанияларының медиабелсенділігі, «Медиа-систем агенттігінің зерттеулері: 2009-201 жылдардағы медиабелсенділікке контент-талдау; сақтандыру мәселесіндегі БАҚ-тың белсенділігі, 2009-2011 жылдардағы көшбасшылар рейтингі», «2012 жылғы сақтандыру нарығының даму келешегі».
10:58, 30 Қаңтар 2012
Алматыда сақтандыру нарығының қаржылық қорытындысы мен даму келешегі талқыланады
АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ертең, 31 қаңтарда «Қазақстандағы сақтандыру нарығы: 2011 жылдың қорытындысы, нарықтың 2012 жылғы даму келешегі» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны болады.