Алматыда «Саламатты қала!» акциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық әкімдік пен Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Саламатты қала» акциясы өтіп жатыр.

Бұл шараның басты мақсаты - тұрғындардың назарын өз денсаулығына аударту арқылы тіркелген емханасынан тегін профилактикалық тексеруден өтуге шақыру. Ол  Алатау ауданында - «Домиллион», Әуезов ауданында - «Спутник» пен «Меtro»,  Алмалы ауданында - «Максима» мен  «Globus», Бостандық ауданында -«Променад» пен «Mega», Жетісу ауданында - «Магнум» мен  «Рамстор», Медеу ауданында - «АЛМА» және  Түрксіб ауданында -  «Манго»  сауда орталықтарында ұйымдастырылып отыр.