Алматыда салық төлеуден жалтарған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды
14:39, 18 Тамыз 2014
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 4 жыл бойы салық төлеуден жалтарып келген құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Құрылыс Стар» бірлескен кәсіпорнының 2008-2012 жыл аралығында салық төлеуден жалтарып келгендігі анықталды. Мемлекеттік бюджетке келген шығын 775 млн. теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Алматы қаласы қаржы полициясы аталған кәсіпорынға қатысты ҚР ҚК 222 бабының 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.