АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электр самокат мінген кісіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Абай – Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Видео Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.
Бейнежазбада көрсетілгендей, жас жігіт көлікке соқтығысып қалғаннан кейін орнынан тұрып, ары қарай кете берген.
Полиция осы оқиға бойынша кейінірек түсінік беруге уәде етті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.