Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан адамды көлік қақты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электронды самокатшыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Алмалы ауданында Сейфуллин –Шевченко көшелерінің қиылысында болды. Бұл туралы Instagram-дағы Kris.p.almaty парақшасында хабарланды.

Алматы қалалық Полиция департаментіхабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаны тергеуге Алмалы аудандық полициябасқармасы әкімшілік тәжірибе жасағының қызметкерлері кіріскен.

«Самокатты басқарып келе жатқан ер адаммедициналық мекемеге жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.Жол-көлік оқиғасының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Міндетті түрдесот-медицина сараптамасы тағайындалады. Алынған дене жарақатының ауырлығыанықталады», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінде.

Соңғы жаңалықтар