Үш күн бойы Германия, Грузия, Ливан, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Тайланд, Франция және тағы да басқа шетелдерден келетін қонақтар және өз еліміздің ең үздік дизайнерлері соңғы сән үлгілерін жұртшылық назарына ұсынатын болады. Биыл апталықта 2012 жылдың күздік және қыстық сән үлгілерінің прет-о-порте киімдері: жаңа пішілген тың дизайндер мен үлгі боларлық киімдер көрсетілмек.
00:36, 06 Сәуір 2012
Алматыда сән апталығы өтеді
АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда ALMATY TOWERS орталығында сәуір айының 19-21 аралығында жылсайынғы дәстүрлі "Kazakhstan Fashion Week" (KFW) сән апталығы өтеді.