Мерейтойлық веложарыс сағат 8-де Шалянпин мен Яссауи көшелерінің қиылысында №176 мектептің аумағынан басталады. Жарыс Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың бас қорпусы алдында мәреге жетеді (Байтұрсынов көшесі мен Бұқар жырау бульдарының қиылысы). Жеңімпаздарға, қатысушыларға және жанкүйерлерге ескерткіш сыйлықтар беріледі, соңынан мерекелік концерт өтеді.
Шараға байланысты 12 қазанда сағат-7-ден 11-ге дейін Шаляпин көшесі нде(Яссауи көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін) және Сәтбаев көшесінде (Байтұрсынов көшесінің қиылысына дейін) автокөлік қозғалысы шектеледі.