Алматыда сауда орталығында балалар автобусты айдап кетіп, шыны витринаны шаққан

Фото: Видеодан алынған кадр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар автобусы MEGA сауда ойын-сауық орталығындағы шыны витринаны шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болған оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

«MEGA» СОСО баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 наурызда кешкі уақытта болған. Техникалық үзіліс кезінде, яғни, аттракцион жабық болған кезде кәмелетке толмаған балалар автобустың рөліне отырып, витринаны шаққан.
«Зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі таңда рөлге бөгде адамдардың отыруына кедергі келтіретін қосымша шаралар енгізілгенге дейін автобустың жұмысы тоқтатылды», - деп хабарлады MEGA-ның баспасөз қызметінде.


Соңғы жаңалықтар