Алматыда сауда саласындағы түсімдер былтыр 71 млрд. теңгені құрады

АЛМАТЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда жергілікті бюджет түсімінде сауда саласының үлесі 2012 жылы 34-тен 66 пайызға дейін ұлғайды.

Қалалық салық департаментінің бастығы Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, жергілікті бюджет түсімінде аудандардың түсімі әртүрлі. Мәселен Медеу ауданы - 27 пайыз, Алмалы ауданы - 26, Бостандық ауданы - 21, Жетісу ауданы - 9, Әуезов ауданы - 8, Түрксіб ауданы - 7, Алатау ауданы - 2 пайызды құрайды. Бюджеттік түсімдерде рі бизнестің үлесі 2,7 пайыз, шағын және орта бизнестің үлесі 66 пайыз», - дейді Б.Қарымсақов. Бейбіт Еркінбекұлының сөзіне қарағанда, сауда саласындағы түсімдер былтыр 71 млрд теңгені құрады немесе 129 пайызға өсті. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі түсім 11 млрд. теңгені немесе 138 пайызды құрады. Жалпы бюджеттік түсімдегі сауда саласының үлесі 2010 жылы - 24, 2011 жылы 34 пайызды құраған болатын.