Алматыда сәуір айында күн райы қалай болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сәуір айының ортасында +30°С-ға дейін ыстық қутіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл айда ауа райының орташа температурасы 11°С болады.

«Алғашқы онкүндіктің басында ауа райының түнде 1 6°С-ден 0,-5°С-ге лейін, күндіз 12 17°С-ден 7 12°С-ге дейін тербелуі күтіледі. Кейін ауа райының түнде -5-10°С дейін, күндіз 5 10°С дейін төмендеуі күтіледі. Онкүндіктің ең соңында ауа райының түнде 0, 5°С дейін, күндіз 13 18°С дейін жоғарылауы күтіледі.

Екінші және үшінші онкүндіктің басында ауа райының түнде 10 15°С дейін, күндіз 25 30°С дейін жоғарылауы болжанады»,- деп хабарлады Қазгидрометте.

Сондай-ақ, бір айда жауын-шашын мөлшері 105 мм болады деп күтілуде.

«Бір ай бойы жаңбыр, 5-10 м/с жел, бірінші онкүндіктің соңында жаңбыр, қар аралас жауын-шашын, көктайғақ жиі болады деп күтіледі. Айдың басында және соңында тұман күтіледі. Найзағай, бұршақ айдың ортасы мен соңында болуы мүмкін», - деді метеорологтар.