Кездесу барысында қала тұрғыны емханаға жету қиын екенін, сондықтан жақын жерден емхана салып беруді сұрады.
«Біз «Саяхат» жақта тұрамыз. Біздің бекітілген №2 емханаға жету қиын, себебі, ол бізден алыс жерде орналасқан. Оның үстіне біз жақта көп қарт адамдар мен көпбалалы отбасылар тұрады. Сізден емхананы бізге жақын ауданда салып беруіңізді сұраймын»,- деді қала тұрғыны.
Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева ауданда жаңа емхананың жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатқанын айтты.
«Біз Сидоркин, 14 мекенжайынан ғимарат сатып алдық. Жыл соңына қарай жобалық-сметалық құжатты әзірлеу жұмыстары аяқталып, сараптамадан шығады. Келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын бастағалы отырмыз. Мүмкін 2024 жылдың басында емхана ашамыз», - деді Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева.