Алматыда саяжайдағы өртті сөндіру кезінде жеке тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданында 26 қазанда сағат 00.16-да саяжайдағы үй отқа оранды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт толығымен сағат 04.55-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 30 шаршы метрді құрады.

 Жалынды ауыздықтау кезінде жеке тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті анықталды.