Алматыда сайлау учаскелері қажетті санитарлық құралдармен жабдықталды
2021 жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді.
ҚР «Сайлау туралы» Заңының 20-бабының 10-тармағына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайлау комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдесуге міндетті.
Бүгінгі таңда Алматыда барлық аумақтық сайлау комиссиялары (1 қалалық, 8 аудандық) жеке кабинеттермен, жиһазбен, кеңсе техникасымен және байланыспен қамтамасыз етіліп, интернетке қосылған. Сайлау учаскелерін жабдықтау мақсатында бүгінгі таңда қажетті құралдар сатып алынып, учаскелерге жеткізілді. Олардың ішінде стационарлық және тасымалданатын жәшіктер, жасырын дауыс беру кабинасына арналған маталар, сыртқы және ішкі ақпараттық стендтер және т.б. бар. Бүгінгі күні қалада 581 сайлау учаскесі бар.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен алгоритмге сәйкес, әрбір сайлау учаскесінде сайлау өткізу кезінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және санитарлық-эпидемиоогиялық қауіпсіздікті және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, мегаполисте санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскелерін санитарлық қорғау құралдарымен жабдықтау мәселесі шешілді:
- Медициналық бір реттік маскалар (сайлаушылар үшін);
- байланыссыз инфрақызыл тепловизорлар;
- қашықтықты сақтау үшін таңбалау таспаларының орамдары және т. б.
Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Әр сайлаушы өз даусын бір рет және тек бір ғана үміткерге бере алады.
Өз сайлау учаскеңізді байланыс орталығынан аптасына 7 күн, сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін 221-10-01 бірыңғай тегін нөмірі бойынша білуге болады. Сондай-ақ Телеграм-боттың @sailau_almaty көмегімен және «Open Almaty» онлайн-сервистерінен ақпарат алуға және https://service.almaty.kz/ru.сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеруге болады.